Су тасқынынан Жайық бойындағы 84 елді мекен аман қалды - ТЖМ

30 Сәуір, 18:06 541

ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында тасқын судан Жайық бойындағы 84 елді мекен аман қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су деңгейінің шыңы Батыс Қазақстан өңірінен Атырау өңіріне өтіп жатыр. Бірақ Жайық бойындағы 84 елді мекен аман қалды деп айтуға толық негіз бар. Оның себебі дер кезінде істелінген дайындық жұмыстары, бөгет салу. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша шақырым бөгет салынды. Бүкіл ел болып, бүкіл өңірлерден арнайы техника, күш-құралдар келіп жатыр , - деді министр.

Министрдің сөзінше, су деңгейі өскеніне қарамастан, осы 84 елді мекенде ешқандай қауіп болған жоқ.

 Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: