Су тасқынынан зардап шеккен Құмсай ауылында тұрғындар жаңа үйдің кілтін алды

8 Қыркүйек, 16:42 356

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Темір ауданының Құмсай ауылындағы 21 отбасы жаңа баспаналарына көшті.

Үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метрді құрайтын үйлер тұрғындардың ортақ шешімімен ауылдың биік жерінен салынды.

Баспаналардың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев, мердігер компания өкілдері қатысып, құмсайлықтарды қоныстойларымен құттықтады. Әр жаңа қоныс иесіне тұрмыстық техникалар тарту етілді.

«Кешегі көктемгі су тасқыны кезінде осы ауылға келгенімізде, халықтың көңіліндегі кірбіңімен жанайқайын көрген едік. Қаншама тұрғын баспанасыз қалды. Осындай жағдай еліміздің аймақтарында да болды. Сол кезде Мемлекет басшысы, облыс әкімі, аудан әкімі халықтың ортасында бола білді. Халықтың көкейінде «Біз не істейміз, қайда барамыз, болашағым не болады деген» үлкен сұрақ болғаны рас. Қазір, міне, қуанышты күнге жетіп, жаңа тұрғын үйге көшіп жатырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын»,
- деді жерлестерін құттықтай келген облыстық мәслихат депутаты Боран Ізбасов.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: