Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар 1 шілдеге дейін салықтан босатылады

15 Сәуір, 13:31 1576

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар 1 наурыздан 30 маусымға дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің «Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрығы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұйрық бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енген салық төлеушілер 2024 жылы 1 наурыздан 30 маусымға дейін салық төлеуден босатылады.

2024 жылғы 1 наурыз – 30 маусым аралығында басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын. Орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын, – делінген бұйрықта.

Бұдан бөлек, салыққа байланысты өсімпұл да 2024 жылдың 1 наурызынан 1 шілдесіне дейін есептелмейді.

Бұйрық 29 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: