Су тасқынынан зардап шеккен аумақтарда құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр

2 Сәуір, 23:15 736

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан құтқару жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдарымен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қабылданған шаралармен 8000-ға жуық азамат тұратын 2000-нан астам тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Ақмола облысының Көкшетау қаласында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері көппәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарынан және жертөле үй-жайларынан суды айдау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда жертөле бөлмелерінен 36 932 текше метр су сорылды, - деді ТЖМ баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, Ақмола облысында 2 адам су басқан карьерден қауіпсіз жерге шығарылды. Күзетші мен тракторшыны Целиноград ауданының карьерлерінің бірінде құтқарылды. Жергілікті карьерге еріген су белсенді түрде келе бастаған. Жұмысшыларды Ақмола облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аман алып қалды. 

Бұдан бөлек, министр Ақмола облысының Көкшетау қаласында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері көппәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарынан және жертөле үй-жайларынан суды айдау жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Бүгінгі таңда жертөле бөлмелерінен 36 932 текше метр су сорылған. 

Зарина Арман
Бөлісу: