«Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші компаниясы 2024 жылдың сәуірінде су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтарға жеке учаскелері мен 100 жаңа үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа тұрғынүйлер «Бірлік» кентінде орналасқан.
Галина мен Валерий Мишаковтың ұлы – мүмкіндігі шектеулі жан, ал қызы басқа қалада тұрады. Ерлі-зайыптылар өмір бойы Петропавл ет комбинатында жұмыс істеген. Су тасқыны кезінде олар барлық үй-жай, мал-мүлкінен айырылған.
«Алтыналмас» компаниясына шын жүректен алғысымды жеткіземін. Мұндай үй сыйлайды деп ойлаған жоқпыз, - дейді Галина Мишакова.
Бұл кентте су тасқыны кезінде үйінен айырылған бірнеше отбасы тұрып жатыр.
Қиын кезеңде компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетуге 40 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда аталған қаражаттың 32,9 млрд теңгесі жұмсалды. Бұл қаражатқа Петропавлда 100 үй салынды, - деді Баламир Маханов «Алтыналмас АК» АҚ басқарма төрағасы.
Оның сөзінше, тағы да 578 пәтер кілті петропавлдықтарға берілген.