Су тасқынынан кейін Ырғыз ауданында салынып жатқан үй сапасына тұрғындар алаңдаулы

18 Маусым, 10:21 1083

Үкімет отырысы басталарда кулуарда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан тілшілер су тасқынынан кейін салынып жатқан үйлердің сапасын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілі:

Ырғыз ауданында 50 үй салатын мердігер компания Сарыобада тағы 75 үйдің құрылысын бастағалы жатыр. Небәрі екі айдың ішінде бітетін тұрғын үйдің сапасына тұрғындар алаңдап жатыр, - деді.

Аталған мәселеге қатысты Бозымбаев алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл мәселе бақылауда болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ сол өңірде қазіргі таңда министрдің орынбасары жүргенін айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: