Су тасқынына байланысты 5 облыстағы автомобиль жолдары жабылды

1 Сәуір, 19:03 671

Су тасқынына байланысты 5 облыстағы автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі таңда республикалық жолдарда 599 техника мен 1503 адам жұмылдырылған. 

2024 жылдың 1 сәуіріндегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Абай, БҚО,Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарындағы 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 980 метр болатын су тасқыны орын алды. Аталған өңірлердегі республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолдарында (ұзындығы 410 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: