Су тасқынына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

22 Сәуір, 09:00 469

22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: