Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай тұрақталды

5 Сәуір, 23:37 891

Ұлытау облысында су тасқынына байланысты жағдай тұрақталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге су тасқыны қаупі жоқ.

Кеңгір су қоймасындағы су деңгейін реттеу үшін су торабынан 126,11 м3/сек көлемінде, тәулігіне 10,896 млн3 су, су тасқыны кезеңінің басынан бастап 185,299 млн м3 су ағызылады. Кеңгір су қоймасының көлемі 317,741 млн м3 құрайды. Су тасқыны басталғаннан бері су қоймасына барлығы 289,507 млн м3 көлемінде су жиналды, - делінген мәліметте.

Эвакуацияланатын халықты қабылдау және орналастыру қажет болған жағдайда Жезқазған қаласында зардап шеккендерді қабылдау пункттері дайындалды.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап жергілікті жер бойынша қауіпсіз жерлерге барлығы 405 бас ІҚМ, 524 бас ұсақ мал және 61 бас жылқы айдалды.

Өңірде су тасқыны салдарынан Ұлытау облысы ТЖД тәулік бойы жедел штабы жұмыс істеп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: