Су тасқыны құрсауында қалған тұрғындар тікұшақпен құтқарылды

31 Наурыз, 13:08 744

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарға құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 11-00-де "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-875 тікұшағымен "Жезқазған-Арқалық" бағыты бойынша Абдуғаппар хан қыстағынан Арқалық қаласына әйел баласымен эвакуацияланды, - деді министрлік өкілдері. 

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, кеше Ақтөбе облысында бірнеше тұрғын тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. 

30 наурызда Қобда ауданы Көкуй ауылында су тасқыны жағдайына және кірме жолдың болмауына байланысты МИ-8 Қорғаныс Министрлігі тік ұшағы және 2 ТЖД құтқарушысы науқас пациентті аудандық ауруханаға тасымалдады.  Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады. Қозғалтқыштары бар үрлемелі қайықтарда 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. МИ-8 борты зардап шеккендерді Ақтөбе қаласына жеткізді, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: