Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккендерге 103 үй берілді

24 Тамыз, 11:30 464

Қостанай облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 103 жеке тұрғын үй салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 103 жеке тұрғын үй салынып аяқталды. Мәселен, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Амангелді ауданының Қарасу ауылында екі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне жаңа үйдің кілттері тапсырылды.

Сонымен қатар, 50 тұрғын  үй нысаны бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Олардың аяқтау мерзімі тамыз айының соңына жоспарлануда. Оған қоса, өңір тұрғындары үшін 315 үй сатып алынды, 815 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: