Су тасқыны: елімізде 51 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

9 Мамыр, 15:08 892

ҚР ТЖМ еліміздегі су тасқынына байланысты жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 51 111  адам өз үйлеріне оралды.

Елімізде 10 013 жеке тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - делінген мәліметте.

Су сору жұмыстары соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында тоқтаусыз жүріп жатыр.

Петропал қаласындк бір тәулікте 137 үйден, Қызылжар ауданында 37 үйден су сорылып, айдалды.

Затон, Бескөл және Кривозерка ауылдарындағы су үйлер мен аула аумақтарынан толығымен бұрылып, айдалды.

Барлығы 137 627 текше метр су сорылды.

Тұрғындарға көшелер мен аула аумақтарын абаттандыру мен тазалауға көмек көрсетілуде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: