Су тасқыны: БҚО-да 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр

8 Сәуір, 14:43 685

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында  581 тұрғын үй және оның ауласын, 245 аула аумағын, 427 саяжай үйді су басты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Автожолдардың 71 учаскесінде су басу және 60 шаю оқиғасы орын алды. Көлік қатынасынсыз 9 елді мекен қалып отыр. Жергілікті ауқымдағы 6 ТЖ жарияланды. 7 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 665 бала бар. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев.

Оның айтуынша, уақытша орналастыру пункттерінде 1 455 адам орналастырылды, оның ішінде 536 бала бар. Сыйымдылығы 9 мыңға жуық адам болатын 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Су тасқыны басталғаннан бері облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен су тасқынын жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс жасауда, осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен облыс аудандарында жұмыс жасауда,- деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев.

Су тасқыны салдарын жоюға барлығы 4 251 адам, 954 бірлік техника, 100-ге жуық бірлік жүзу құралдары, 332 бірлік су сорғыш құралы, 2 бірлік әуе кемесі жұмылдырылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: