Су тасқыны болған өңірлерде баспана салынып бітті ме? Министр жауап берді

13 Тамыз, 12:07 522

Үкімет отырысының баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны болған өңірлерде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда Батыс Қазақстанда 775 үй, Ақмола облысында 331 үй, Ақтөбе облысында 504 үй, Атырау облысында 100 үй салынып жатқанын атап өтті.

Құрылыстың 80 пайызын 1 қыркүйекте аяқтаймыз деп отырмыз. Ал бірнеше нысанның құрылысы қыркүйектің 15-20-сына дейін созылуы мүмкін. Бірақ біздің басты мақсатымыз – қыркүйек айының соңына дейін бұл жұмыстарды толық аяқтау, – деді министр.

Ведомство басшысы Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданында бүгінде 14 баспананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін айтты.

Ақтөбе облысында да жағдай жаман емес. Ақмола облысында да осындай. Қостанай облысында бүгінде 50 үй пайдалануға берілді. Қалған 50 үй 25 тамызға дейін аяқталады, – деді Шарлапаев.

Министр су тасқыны бойынша зардап шеккен қазақстандықтар қыс түскенге дейін баспанамен толық қамтылады деп отыр.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: