Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасы қандай? ДСМ жауап берді

13 Сәуір, 13:05 779

Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды, - делінген мәліметте.

Ведомстводағылар атап өткендей, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары ауыз судан қорытынды санама ала отырып, қауіпсіз ауыз су беруді, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қабылдау үшін хабардар етіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: