Су тасқыны: Бөгет бұзылған жағдайда қайда хабарласу керек?

10 Мамыр, 12:21 729

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы бөгет бұзылған кезде қайда хабарласу керегін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер сіз Жайық өзенінің бойында салынған қорғаныс бөгетінің бұзылғанына немесе бөгеттерді су шайғанына куә болсаңыз, келесі нөмірлер бойынша хабар бере аласыз:

112 ТЖД жедел желісі
109 бірыңғай байланыс орталығы;

Хабарламада нақты координатаны көрсету маңызды: қала/аудан, елді мекен, мекен-жай. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: