Су тасқыны: 62 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

26 Мамыр, 10:27 718

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес елімізде 61 966 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше әлі 5 316 адам эвакуациялау пункттерін мекен етіп отыр.

Елімізде 26 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 8 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: