Су тасқыны-2024: Қазақстанда тасқын суды қалай пайдаланады

23 Сәуір, 19:36 579

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте тасқын суды пайдалану перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самар көлдеріне су жібере бастады. Бұл көлдерге соңғы 20 жылда су бармаған.

2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде судың көп келгені байқалды. Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық.

 Қарағанды облысының су қоймалары 100% толды. Мұнда жиналған су жыл бойы аймақ экономикасының қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне су жіберілді. Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинауы байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына қолайлы әсер етуге тиіс.

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасына трансшекаралық Іле өзеннен келген су ағыны Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде экологиялық мақсатта су жіберуді қамтамасыз етті.

Қазсушар» мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы Жайық өзені арқылы келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр, - деді спикер.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, жалпы, республика бойынша су қоймаларынан 6,3 млрд текше метр су ағызу жоспарлануда.

Перизат Саденова
Бөлісу: