Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жоспары әзірленді

19 Желтоқсан 2023, 20:05 823

Кешенді құжатты Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер шарының 70%-ын су алып жатыр. Алайда оның 97,5%-ы тұзды су. Қалған 2,5%-ы ғана ішуге жарамды. Сондықтан тіршілік нәрін үнемдеп қана қоймай, оны тиімді пайдалану өте маңызды.

Осыға байланысты ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.

Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.

Перизат Саденова
Бөлісу: