Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды.
Нұрлан Алдамжаров 1975 жылы дүниеге келген.
Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі, шебері болып бастаған.
2002-2008 жылдары Ташкент және Шымкенттің коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының м.а., жетекші маманы, бас маманы.
2012-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.
2015 жылы ОҚО-ның ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.
2016 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы болды.
2016-2018 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.
2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.
2020-2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы.