Су добы: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Кеше, 13:14 268

Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.

Әйелдер арасындағы турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Біздің спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: