Су басқан аумақтарда жұқпалы ауру жұқтырмау үшін не істеу керек

10 Сәуір, 12:45 376

Су басқан аймақтарда жұқпалы ауру жұқтырмаудың жолдары айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев ең алдымен әр адам жеке гигиена ережелерін сақтау керектігін айтады.

Қолды сабынмен мұқият жуып, тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіп, тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбай, жедел жұқпалы аурудың белгілері пайда болған жағдайда медициналық ұйымдардың көмегіне жүгіну керек, - деді ол.

Еске салайық, БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: