Су басқан: Атырауда жолдың бір бөлігі уақытша жабылды

31 Мамыр, 21:01 662

"ҚазАвтоЖол" компаниясы Атырау облысындағы су тасқынына қатысты шұғыл ақпарат таратты. Өңірдегі "Махамбет-Х.Ерғалиев" автожолының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы "Махамбет-Х.Ерғалиев" автожолының 13-14 шақырымындағы (Махамбет-Х.Ерғалиев ауылдарының учаскесі) жол учаскесін су алуына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жол белгілері мен сигналды бағандар орнатылып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: