Суға батқан адамға қалай алғашқы көмек беру керек?

21 Ақпан 2022, 14:57 6928

Мамандар кеңесі

Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік аппаттары кезінде ұшырауы мүмкін. Мұндай кезде оларға алғашқы көмек керек. Алғашқы медициналық көмектің мақсаты – адам өмірін құтқару.

Бүгін біз суға батқан адамға көрсетілтін алғашқы көмек туралы айтатын боламыз. Осы тақырып төңірегіндегі сұрақтарымызға Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жауап берді.


 

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметінше, 2021 жылы елордамызда суға кетіп қайтыс болғандардың саны – 9. Оның ішінде жасөспірім балалардың саны – 5. Суда болған оқыс оқиғаларға байланысты өткен жылы құтқарушылар 12 адамды құтқарған. Оның біреуі бала.

– Әрбір адам төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы көмекті есте сақтағаны артықтық етпейді. Ескертіп айту қашанда парызымыз. Әсіресе жазғы уақытта суға шомылатын адамдардың саны көбейеді. Сондықтан суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. От пен су – тілсіз жау. Суға түсуге рұқсат етілген жерлерге барып түскеніңіз абзал. Бейтаныс жерлерге барған жағдайда, қаланың сыртына шыққанда суқоймалары бар жерлерге тоқтағанда, суға түсуге рұқсат бар-жоғын анықтаңыз. Әрбір адам өзін қауіп-қатерден сақтау үшін қауіпсіздігін ойлауы қажет. Судың тереңдігін байқаған дұрыс. Жүзе білмейтін адамдар суға кетіп қалады. Суға түскен жағдайда шаршағаныңды байқасаңыз, қорқынышқа берілмеңіз. Шалқалап жүзсеңіз, су адамды ұстап тұрады. Қолыңызбен көмектесіп жүзіп, жағаға беттеу қажет. Немесе дауыстап көмек шақырыңыз, – дейді Шұғыл әрекет ету орталығының дәрігері Жұмабек Нығметжанұлы .


 

Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

 


(Суретте: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Құсайынов Азамат Құрманақынұлы)

Ең алдымен суға батқан адамды алып шыққанда оның аузын ашып, тазарту үшін тексеріңіз. Адамды теріс айналдырып, тізеге төмен қаратып қойып, арқасынан қағыңыз. Сол кезде ішіне кеткен сулар шығуы керек. Одан кейін қайтадан ауыстырып, жүрек-өкпе реанимациясы жасалады.

– Кеудесіне алақанды қойып, 30 рет жүрек-өкпе реанимациясын жасағаннан кейін, аузынан екі рет дем береміз. Жедел жәрдем немесе құтқарушылар келгенше көмек көрсетеміз. Егер көмек көрсететін адам шаршаса, бір циклдан кейін ауысу болады. Бір қалыпта асықпай және жылдамдатпай жүрек-өкпе реанимациясы жасалады. Сол кезде адам есін жинап, лоқси бастайды. Тағы да төмен қарай аударып, аузындағы сұйықтықты шығарамыз. Одан кейін қауіпсіз жағдайда сол жағынан қырынан жатқызып, жедел жәрдемді күтеміз. Бұл кез келген адам білуі керек алғашқы көмек болып табылады, – дейді Шұғыл әрекет ету орталығының дәрігері Жұмабек Нығметжанұлы.






(Суретте: Шұғыл әрекет ету орталығының дәрігері Жұмабек Нығметжанұлы мен Аппаттар медициналық орталығының фельдшері Еркебұлан Мырзабеков)

Одан кейінгі базалық реанимация дәрігерлердің көмегімен жүргізіледі.

– Жедел жәрдем бригадасы немесе Аппаттар медицинасы орталығы Төтенше жағдайлар департаментіне қарағандықтан бізге шақыртулар уақытымен жиі болып тұрады. Суға бату көп жағдайда алкогольді ішімдік ішудің салдарынан немесе аяқ астынан болуы мүмкін. Сондықтан медициналық түрде адам қалпын анықтап алған дұрыс болады. Ол кезде біз желке тұсында сынық бар-жоғын анықтаймыз. Өйткені көп адамдар суға секіреді. Сондықтан бас жарақатын алуы мүмкін. Бас жарақатын алса, базалық толықтырылған реанимация жасаймыз. Бұл дәрі-дәрмектің және аппараттың көмегімен жүргізілетін реанимация, – дейді Аппаттар медициналық орталығының фельдшер маманы Мырзабеков Еркебұлан.

 



Медицина қызметкерлерінің айтуынша, реанимация құрғақ әрі тегіс жерде жасаланады. Ол дәрігердің және құтқарушы азаматтардың қауіпсіздік шарасы болып табылады. Реанимация жүргізілетін жер шұңқыр (яма) болмауы керек. Электр сымдары жатпауы керек.

– Адам ес-түссіз жатыр. Өз қалпында емес екенін білгеннен кейін, аяғын 30 градусқа көтереміз. Ол кезде қанайналым автоматты түрде ми қантамырын оттегімен (кислародпен) қамтамасыз еткізеді. Реанимация басталғанда адамның жүрек қағысын мониторинг арқылы анықтаймыз. Өзіміздің медициналық липучкамыз бар. Оларды қойғанда жүрек соғысы экранда көрсетіліп тұрады. 30 рет басамыз, 2 рет ауызға дем береміз. Бізге ауызға дем беру үшін Амбу қабы деген құрылғысын көп жағдайда қолданамыз. Иықты бір деңгейде, шынтақ бүгілмей, қолымызды құлып қалпында семсер тәрізді өсіндіден 2 см жоғары аламыз. Бұл омырау тұсы сызығы жүректің үстіңгі бөлігі болып табылады. Дем берудің денені басудың өз ережесі бар. Өкпенің кеуде қуысы 5 см-ден артық түспеуі керек. Одан артық болса, кеуде қуысының сынуына (травмаға) әкеліп соғады. Сондықтан оның да өзіндік ережелері бар. Балаларда 3 см-ден артық болмауы керек. Балаларда алақан арқылы немесе екі саусақ арқылы жүрек соғысын қалпына келтіруге болады. Жүрек-өкпе реанимациясын бір қолымен жасау керек. Одан кейін көмекші дәрігер дәрі-дәрмек салады. Және девфибриллятордың көмегіне жүгінеді, – дейді Аппаттар медициналық орталығының фельдшері.




– Бұл аппарат КОР 3 деп аталады. Бұл жерде үш құрылғы: маниторинг, девфибриллятор және пульсоксамитрия бар. Және қан қысымын аппарат өлшеп отырады. Базалық құрылғының көмегі көп тиеді. Жүрек соғысы соқпаса, реанимациялық шараны 5 рет қайталаймыз. Осылай жүрек соғысы пайда болғанша жалғастыра береміз. Ол максималды түрде жарты сағатқа созылуы мүмкін. Жүрегі соқпаса, реанимациялық шараны тоқтатамыз. Жүрек-өкпе реанимациясы тек қана суға батқанда ғана қолданылмайды. Бұл кез келген жағдайда адам ес-түсінен айырылған кезде жүргізіледі. Инсульт, жүрек талмасы кезінде әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Ол кезде адам 103 көмегіне жүгінуі керек. Немесе Апаттар медицинасы орталығын 112 номеріне хабарласу арқылы шақыруы керек, – дейді Аппаттар медициналық орталығының фельдшері Еркебұлан Мырзабеков.

Адамдар көп шоғырланатын орындарда сауда орталықтары, аэропорт, вокзал кезекшілері міндетті алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі керек.

– Апаттар медицинасы орталығы болғандықтан төтенше жағдай кезінде орын алатын себептер өрт және жол аппаттары жиі орын алады. Орташа есеппен күнделікті 2-3 шақыртуға шығамыз. Тек ол ғана емес, әйелдерді босандырып алған жағдайлар да болған. Өткен жылы жаз мезгілінде жол апаты орын алды. 35 жастағы жігіт көп салалы жарақат алған. Біз ол науқасты аман алып қалу қолымыздан келмейді деп ойладық. Бірақ тырыса отырып, реанимация жасап науқас қалпына келді. Одан кейін жүрегі қайта тоқтап қалды. Көлікті тоқтатып, жүрек-өкпе реанимациясын 40 минут жасадық. Жүрегі соқпады. Тағы да бір рет жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымызда науқастың жүрек соғысы қалпына келді. Дәрі беріп, екпе салып жақын стационарға алып келген болатынбыз, – деп төтенше жағдайдағы құтқару жұмыстарымен бөлісті фельдшер Еркебұлан Мырзабеков.

Аппаттар медициналық орталығының құтқару тобының құрамында жоғарғы санатты дәрігер, фельдшер және көмекші фельдшер болады. Одан бөлек Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жолда көмек көрсететін транспорттық медициналық санитарлық көмек бар. Ол жерде жүргізуші құтқарушы, фельдшер, дәрігер және психолог болады. Көмекке келетін қосымша жедел жәрдем бригадалары бар.



– Қатты апаттар болғанда біздің функциямыз медициналық сұрыптау болып табылады. Адамның жағдайын ауыр, орташа және жеңіл деп бөлеміз. Жедел жәрдем қызметкерлері оларды алып кетеді. Медициналық сұрыптау 4 түрге бөлінеді. Қызыл (ауыр), сары (орташа), жасыл (жеңіл) және қара өкінішке орай мәйіт болған адамдар. Кез келген уақытта жүкті әйелдер мен балаларды алып шығуға тырысамыз. Кейіннен денсаулығының жағдайына байланысты бөлінеді, – дейді Шұғыл әрекет ету орталығының дәрігері Жұмабек Нығметжанұлы .

 – Наурыз айында күн жылына бастайды. Сол уақытта мұздың қалыңдығы жұқарады. Мұздың қалыңдығы 10 см-ге жеткенде мұзға адамдардың шығуына рұқсат етілмейді. Сол кезде Төтенше жағдайлар қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери бөлімі, Полиция департаментімен бірлесіп рейдке шығамыз. Біз Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығының еріктілерін тартамыз. Үгіт насихат жұмыстарын жүргіземіз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Құсайнов Азамат Құрманақынұлы.

Апат айтып келмейді. Қайғылы оқиғалар орын алмас үшін, қауіпсіздік шараларын сақтасаңыздар, суға түскенде сақ болыңыздар!


Акжан Ибрагимова
Бөлісу: