Студенттердің жолақысына өзгерістер енгізілді

27 Наурыз 2023, 21:12 1477

ЖОО-да білім алатын студенттер енді жолақысы туралы есеп бермейтін болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін студенттер жолақысын алу үшін тиісті құжаттарды тапсыруы қажет болатын.

Ал 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттер мен магистранттар үшін жолақысы бойынша есеп беру жойылады. Енді қажетті төлемдерді алу үшін талондар мен чектерді тапсырудың қажеті жоқ. Қаржы жылына 2 рет автоматты түрде түсіп отырады.

EL.KZ
Бөлісу: