Астанада Республика күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты ҚХА КВИЗ интеллектуалды ойындары өтті. Оған А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және ЧелМУ ҚФ студенттерінен құралған 4 команда қатысты, деп хабарлайды El.kz
Тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков аталған іс-шараның маңызына тоқтала кетті.
«Ойында мәдениет, тарих саласына қатысты сұрақтар қойылды. Оған көбіне тарих факультетінің 1-курс студенттері қатысты. Білім алушыларға мұндай ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз – олардың Отанына деген патриоттық сезімін арттырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін дәріптеу болды», - деді ол.
Ойын соңында жеңімпаз 2 топқа грамоталар мен флэш-дискілер берілсе, ал қалған қатысушыларға сертификаттар таратылды.