Студенттер Каспий теңізінің таяздану мәселелерін шешу жолдарын ұсынады

12 Желтоқсан, 17:06 288

Студенттер тобы халықаралық жоба аясында Каспий теңізінің таяздану мәселелерін шешуді ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Ресей, Беларусь және Әзербайжаннан келген студент зерттеушілер тобы Каспий теңізінің таяздану мәселесін шешуге бағытталған «Каспий орбитасы» жобасын ұсынды. атысушылардың бірі атап өткендей, Арал теңізіндегідей толық тайызданудың алдын алу мақсатында жоба шеңберінде жағалау жағдайын, су деңгейі мен ластану факторларын бақылау үшін спутниктер ұшыру жоспарланып отыр.

Мен Ақтауданмын, Каспий теңізінің жағасында тұрамын және су деңгейінің төмендеп жатқанын өзім көрдім. Жобада мен жылдар бойы тайыздау динамикасын есептеумен айналыстым. Бұл жоба өзгерістерді бақылап қана қоймай, Каспий маңы елдерінің барлығы үшін нақты басқару стратегиясын ұсынуға көмектеседі, ­– деді Н.Э. Бауман атындағы ММТУ студенті Орынбасар Жантөреев.

Жоба таныстыру сатысында, оның авторлары мәселеге көңіл бөліп, өз идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау табатынына үмітті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: