Стритболдан Әлем чемпионаты өтуде

3 Маусым 2016, 12:21

Қазақстанның қыздар құрамасы стритболдан турнирдің фавориттерін жеңді

Астана қаласында әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы стритболдан Әлем чемпионатына қатысып жатыр. Қазақстанның қыздар құрамасы өздерінің бірінші кездесулерінде осы чемпионаттың фавориттері – Нидерланд құрамасын жеңді.

А тобы:

Команда

Есеп

Команда

Нидерланд

13-19

Уругвай

Словения

18-14

Бельгия

Мысыр

9-20

Нидерланд

Бельгия

14-18

Уругвай

Мысыр

9-21

Словения

 

D тобы:

Команда

Есеп

Команда

Мажарстан

13-7

Бразилия

Жаңа Зеландия

21-11

Филиппин

Испания

21-15

Мажарстан

Филиппин

14-20

Бразилия

Испания

17-21

Жаңа Зеландия

 

Айта кетерлігі, Жаңа Зеландия құрама командасы – стритболдан әлем чемпионатының қазіргі чемпиондары. Осы турнирдегі өздерінің бірінші матчтарын бастамас бұрын, ойыншылар өзіндік мәні бар (қарсыласын үркіту) дәстүрлі хака биін биледі.

С тобына түскен Қазақстанның жастар құрамасы өздерінің барлық ойындарын чемпионаттың бірінші күнінде ойнап тастады. Біздің стритболшыларымыздың қоржынында бір жеңіс.

Қыздар арасында В және С топтарындағы ойындар ойналды.

 

В тобы:

Команда

Есеп

Команда

АҚШ

13-21

Нидерланд

Польша

15-8

Италия

Казақстан

12-11

Нидерланды

Польша

15-21

АҚШ

Казақстан

6-21

Италия

 

С тобы:

Команда

Есеп

Команда

Франция

21-6

Андорра

Қытай

15-13

Тунис

БАӘ

3-21

Андорра

Тунис

9-19

Франция

БАӘ

5-21

Қытай

 

С тобына түскен Қазақстанның қыздар құрамасы аса мықты қарсыластарына, Нидерланд құрамасына қарсы өткізген алғашқы матчтарын жеңіспен аяқтады. Біздің қыздарымыз әсерлі ойын мен жеңіске деген шын құштарлықтарын көрсете білді. Бұл жерде қыздарға қолдау көрсеткен ойын жанкүйерлерін айтпасқа болмайды. Нәтижесінде біздің құрама аздаған айырмашылықпен суырылып шықты. Есеп:12-11.

 

Өздерінің екінші кездесулерін қыздарымыз Италия командасына қарсы өткізді. Жеңіске деген құштарлық пен барлық күш-жігер алдыңғы жарысқа берілген сияқты, себебі бұл күресте қыздардың доптары себетке түскісі келмеді. Осылайша, Италия құрамасы 21- 6 есебімен жеңіске жетті.

 

Алдыңғы күндердегідей, чемпионат көрермендері мен қонақтары үшін тек стритбол ойындары ғана емес, сондай-ақ ашық турнирлер мен шеберлік-класстары да өткізілді. Соның бірі осындай шеберлік-класстарының біріне Қазақстан құрамасының бапкері Дэмиан Лонгпен бірге 5 жастағы Ратмир де келді. Ол өз жасындағылардан аздап ерекшеленеді, бірақ ол Ратмирдің спортпен айналысып, баскетболды сүюіне кедергі келтірмейді. Осы мысал егер адам шын жүрегімен бір нәрсені қалайтын болса, ешбір жағдайлар оған кедергі бола алмайтынын, сонымен қатар спорттың адамдарды жақындастырып, біріктіретіндігін көрсетеді.

 

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жарыс жексенбі 5- шілдеге дейін жалғасады. Стритболдан әлем чемпионатының ұйымдастырушылары – Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA 3х3), Қазақстан стритбол лигасы (SLK) және ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы. Құрылғанынан бері Лига 4 мыңнан астам адам қатысқан 20-дан астам турнирлер өткізді.


Рустем ӘЛПИ

Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу: