«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

2 Наурыз, 17:52 687

Бекзат Нұрдәулетов “Странджа” турнирінің чемпиондық атағына қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбек Оралбай финалға шықпайтын болды. Ол 86 келіде жолын Бекзад Нұрдәулетовке берді. Нұрбекке құрмет. Бекзат бұл салмақта чемпион болды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 75 келі салмақтың финалында жолдары түйіскен отандастарымыз Тимур Нұрсейітов пен Сабыржан Аққалықов арасындағы жек-жек те өтпейтін болды. Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. 75 келіде «Странджа» халықаралық турнирінің чемпиондық атағына Аққалықов ие болды. Ал Нұрбек Оралбай мен Тимур Нұрсейітов күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: