Бокстан 24 ақпан - 2 наурыз күндері аралығында Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Командалық есепте Қазақстан құрамасы үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясы турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін жариялады.
Алтын медаль иегерлері: 63,5 келі - Ертуған Зейнуллинов, 67 келі - Төрехан Сабырхан, 71 келі - Аблайхан Жүсіпов, 75 келі - Сабыржан Аққалықов, 86 келі - Бекзад Нұрдәулетов,
Күміс жүлде иегерлері: 51 келі - Даниал Сәбит, 54 келі - Тимур Қабдешов, 60 келі - Серік Теміржанов, 63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, 71 келі - Фарух Тоқтасынов, 75 келі - Тимур Нұрсейітов, 80 келі - Ерасыл Жақпеков, 86 келі - Нұрбек Оралбай, +92 келі - Айбек Оралбай,.
Қол жүлде иегерлері: 48 келі - Теміртас Жүсіпов, 57 келі - Оразбек Асылқұлов, 60 келі - Талғат Сырымбетов, 92 келі - Данияр Рахымбердинов.
Жүлде рейтингісі (ерлер):
Қазақстан - 5 алтын,9 күміс,4 қола;
Өзбекстан - 5 алтын, 1 күміс,2 қола;
Болгария — 2 алтын, 3 қола;
Түркия - 1 алтын;
Ирландия - 4 қола;
Әзербайжан -2 күміс,2 қола;
Грекия -1 күміс;
Франция -1 қола;
Косово -2 қола;
Грузия -2 қола;
Италия -1 қола;
Израиль -1 қола;
Англия -2 қола;
Аустрия -1 қола;
Қытай -1 қола.
Болгария жерінде 20 мемлекеттің боксшысы жүлдеге таласты. Аталмыш турнирдің тарихында елімізден рекордты (25 ер спортшы) боксшы бақ сынады. Болгария 19 спортшысын, Өзбекстан 17 өкілін қосты.
Турнирде Қазақстан құрамасы жүлде алудан ең үздік көрсеткішін жаңартты (бұған дейінгі рекорд 2022 жылы 2 алтын, 2 күміс,5 қола алған).
Осы жарыстың тарихында алғаш рет отандық боксшылардың арасында 4 финал тіркелді.
67, 71, 75, 86 келіде алғаш «Странджа» турнирінің алтын жүлдесі бұйырды.
Ерекше жеңістер:
75 келі. 1/2 финал.
Тимур Нұрсейітов - Жавохир Умматалиев (2024 жылғы Азия чемпионы) 3:2
86 келі. 1/8 финал
Бекзад Нұрдәулетов - Акмалжан Исроилов (Жастар арасында әлем чемпионы) - нокаут
63,5 келі. Финал
Ертуған Зейнуллинов - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 5:0
Бұған дейін Қазақстан чемпионатының жартылай финалы мен Париж Олимпиадасының іріктеу спаррингінде есе жіберген Ертуған осы жолы реванш жасап қана қоймай, бірінші мәрте чемпион атанды.