Нұрқанат Райыс Странджа Кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа 74-ші халықаралық кубогының жартылай финалдық кездесуінде Нұрқанат(- 75 келі) жергілікті спортшы Рами Киуанға есе жіберді.
Айта кетейік, ел намысын финалда Оразбек Асылқұлов (- 57 келі) қорғайды. Жартылай финалда армениялық боксшыны жеңіп, финалға шықты.