Стив Джобстың табысқа жетудің 12 ережесі

24 Шілде 2014, 04:43

Атақты Стив Джобстың кеңестері:

Атақты Стив Джобстың кеңестері:

1.Сүйікті ісіңмен шұғылдан. Өзіңнің нағыз әуестігін тап та, әлемді жақсылыққа қарай өзгерт. Жұмысты жақсы істеудің бірі ғана тәсілі – оны сүю.

2. Ешкімге ұқсама! Қалыптан тыс ойла. Әскери теңізші болғанан гөрі, қарақшы (пират) болғаның артық.

3. Немен айналыссаң да, ісіңді мүмкіндігінше жақсы жасауға тырыс. Жетістік басқа жетістікті өзіне тартады, сондықтанда барлық жерде жетістікке ұмтыл. Жұмысқа, мүлтіксіздікке ұмтылуды жақсы көретін адамдарды ал.

4. SWOT анализ жаса. Сен компанияны құрып немесе компанияға жұмысқа келсен, өзіңнің және компанияның күшті және әлсіз жақтарынын тізімін жаса.

5. Іскер бол. Үлкен нәтижеге жету мүмкіндіктерін ізде. Тез және батыл әрекеттерді талап ететін идеялар жиынтығын жаса, және оны іске асыруды қолға ал. Көбінесе ең киыны - бірінші қадам жасау. Жаса бұл қадамды! Жүрек пен ішкі түйсіктің бұйрығына еру батылдығына ие бол.

6. Шағыннан баста, бірақ үлкенді арманда. Бір мезетте көп нәрсемен айналыспа. Біріншіден көп емес жай істерден баста, және бара-бара күрделірек іске көш. Әрқашан болашақты ойла.

7. Нарықта көшбасшы болуға ұмтыл. Қандай іспен айналыспассаң да, сенде ең озық технология болу керек, және де ол әрқашан сенің бақылауында болуы тиіс. Егерде де одан да озық технология болса, қолдан оны, басқаларда ол жоқ деп назар аударма. Бірінші бол және осы технологияны саланың стандартына айналдыр.

8. Нәтижеге жетуге ұмтыл, өйткені адамдар сені жеткен жетстігің бойынша бағалайды. Сапалықтың үлгісі бол. Кейбір адамдар, қызметкерлерден тек үздік нәтижелерді күтетін жұмыс ортаны көруді күтпейді. Сондықтан да өзіңнің осындай  басымдығыңды жарнамала. Егер де потенциалды сатып алушылар осыны білмесе, олар сенің өніміңді сатып алмайды. Дизайнға ерекше назар аудар.

9. Әр түрлі дерек көздерінен кері байланысты алуға ұмтыл. Әрбір адам саған бір пайдалы нәрсені айта алады. Сенің өніміңді қолданатындарға назар аудар – ең біріншіден өз сатып алушыларыңды тында.

10. Инновациялар енгіз. Көшбасшыны оған ерушілерден ерекшелейтіні дәл осы инновациялар.  Өз уақытыңнын 50% жаңа идеяларды ойлап табуға жұмса, бірақ мыңдаған идеяларға «жоқ» дей біл, сен саны көп инновацияларға кірісіп кетпегенің жөн. Шынымен де маңызды жобаларға ғана назар аудар. Әлемдегі ең озық нәрселерді олап табуды қалайтын адмары ғана жұмысқа ал. Инновациялық өнімдерді  ойлап табуды мақсат тұтатын корпоративтік мәдениетті қалыптастыр. Көптеген компанияларда жақсы инженерлер мен зерек адамдар аз емес. Бірақ, олардың барлығын біріктіретін бір гравитациялық күш болу керек.

11. Сәтсіздіктерден сабақ ал. Кейбір кездері, сен инновацияларды енгізгенде қателіктер жасайсын. Егерде сондай жағдай туындаса, ең дұрысы бұны қабылдау, және күшіңді басқа инновацияларды жақсарту үшін жұмылдыр.

12. Үздіксіз білім ізде. Әрқашан «тағы бір нәрсені» білуге болады. Компаниядағы және одан тыс жерлердегі адамдармен өз ойларыңмен бөліс. Тұтынушыларан, бәсекелестерден, серіктестерден үйрен. Егерде сенің серіктесің сен жақтырмайтын адамдармен дос болса – оларды жақсы көруді үйрен, оларды мақта және осының бәрінен өзіңе пайда ал. 

Бөлісу: