Степногорск қаласындағы жағдай тұрақталды

9 Желтоқсан 2023, 02:32 932

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласындағы жылу трассасындағы үзіліс жөнделді. Үйлерді кезең-кезеңімен қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов апат салдарынан жылу өшіп қалған 6-шағын аудандағы No17 үйдің әлеуметтік нысандары мен тұрғындарын аралады. 

Осы үйде тұратын Валентина Гребенюк аймақ басшысына құбырдағы жарылуын жедел жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Құбырды жөндеуге қаланың барлық коммуналдық қызметі, 30 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Жұмысшылардың ауысымдық бригадасы ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 8.10-да Славский және Целиноградская көше қиылысындағы жылу магистралі жөнделді.

Берік Арманов
Бөлісу: