Степногорск қаласында 80 жастағы әже құтқарылды

9 Маусым, 21:40 715

Ақмола облысы Степногорск қаласында 80 жастағы әже құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, 1944 жылы туған әжей пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған.

«Пәтер иелері кооперативі» қызметкері кілттің болмауына байланысты ішке кіре алмаған. Содан Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерін көмекке шақырған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен 3 қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, еденде жатқан әжейді алып шықты. Зейнеткер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: