Стенд атушылар Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін сынға түседі

10 Қаңтар, 22:51 794

Стенд атудан 12-22 қаңтар аралығында Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы үлестірілетін лицензиялық Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған сында ел намысын 18 спортшы қорғайтын болады. Сайыста 40 мемлекеттен 500-ге жуық сұрмерген өзара сынасады.

Олардың арасында жазғы Азия ойындары, әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп жүрген Айжан Досмагамбетова, Асем Орынбай, Анастасия Прилепина, Мария Дмитриенко, Максим Бедарев, Алишер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев, Эдуард Ещенк о,Александр Ещенко, Александр Мухамедиев, Илья Пеньков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Зоя Кравченко, Ольга Панарина сынды жерлестеріміз бар.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: