7 Қазан 2014, 03:56
Жамбыл облысы, Құлан ауылы, №1 лицейінің түлегі Қарабалаев Самат Мейірханұлы есімді азамат барша ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебізі мен риясыз сезімін жасырмай ұзағынан тербепті.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
(Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы)
– Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын !!! Әр адамзат баласының өмірге аяқ басуы осы ұлағатты ұстаз қауымына байланысты. Сол себептен Алладан жақсы ұстаз кездесуін сұранамыз. Ұстаз дегенде жалпы мектеп қабырғасында көрген ұстазды ғана емес өмірлік ұстаздарды аса құрметтеген дұрыс шығар. Мейлі мектептегі не болмаса басқа ұстаз болсын шәкіртінің жүрегінде имандылық пен білімнің қайнар көзін ашып берсе соданасқан бақыт пенбайлық жоқ. Әрине қазіргі заманда ұстаздарға қиыншылықтарболып жатыр, Сіздер ұстаздар түсініңіздер тек ұстаздар ғана емес жалпы басқа мамандық иелеріне де қиындықтар көптеп кездесіп жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші Алла қаласа енді ұстаз мәртебесін берсе жағдай басқаша болар, бірақ мойындауымыз керек қазіргі жаңа буын ұстаздарымыздың білімдері таяздап барады. Бұл дегеніміз өзі таңдап білім алып шыққан мамандығының толық бағдарламасын білмейді деген сөз. Осы орайда ЖОО ұстаздарына айтарым парашылдықты қойып, нағыз білім нәрін сусындандыратын уақыт жетті, парақорлықты тоқтату қажет, еліміздің ертеңін ойлаңыздар, ертеңгі әкім, инженер т.б. мамандық иелері ұшқанда сол жаман, харам тірліктерді жасамауына кім кепіл.
Айта берсек сөз көп құрметті ұстаздар еліміздің ертеңін ойлайтын діні айқын, тілі қазақ, жүрегі туған жердеп елжіреп тұратын шәкірттеріңіз көп болсын. Өз беделіңізбен Ұстаз деген мәртебеңізге кір келтірмеңіз аяулы, ұлағатты ұстаздар қауымы.
Өзін К.Мыңбаев атындағы орта мектептің түлегі ретінде таныстырған Ардақ Райымбектің құттықтауы да әсерлі шығыпты. Ол тек бір мұғалімді ғана емес, өзін түлеткен мектептегі барша ұстаздарын ұлықтапты!
– "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" - деп Абай атамыз бізге тамаша сөз қалдырғын. Бұл өмірде әр түрлі маман иесі бар, әр түрлі адам иесі бар. Осы мамандықты тандап, өмірде өз орындарын табуға көмектесетін ұстаздар.
Мектеп табалдырығын аттағызып,
Әр әріпті жаттағызып,
Бұл өмірде керек болад,
оқы балам оқы дейтін
Ұстаздарыма мың алғыс!
Ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыруға үйреттетін ұстаз. Сол себептен құрметті ұстаздар сіздерді осы кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ең бастысы дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызда сабырлық, өмірлеріңізге бақыт тілеймін! Сіздерге шын ниетпен басымды иемін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Ертіс ауданына қарасты Қарақұдық ауылындағы орта мектептің түлегі Динара Мұқарамқызы да «Ұстаздар күніне» орай жылы лебізін білдіріпті. Ол өзінің сүйікті ұстазы Роза Шаймерденованы құттықтапты. Тіпті, бірге түскен естелік суретін де жіберіпті.
– Ұстаз! Ұстаз! «Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық», - демекші Роза апайымды шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймын. Тілерім – жүректің ақтығын, көңілдің пәктігін, өмірдің қызығы мен тәттілігін, денсаулықтың мықтылығын!!! Алланың нұры жауып, бала-шағаңыздың қызығына тоймай, мағыналы да сәнді ғұмыр кешіңіз!!!
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жыланды селосы, Дина Нұрпейісова атындағы орта мектебінің түлегі Еркебұлан Ғилманов өзіне білім берген бірнеше ұстазына алғыс білдіріп, «Ұстаздар күнімен» құттықтапты. Атапп айтқанда – Бекжанов Бауыржан, Балекешева Гүлнар, Зұлхарнаева Биғайша, Зұлхашева Гүлбану, Наурызбаева Мейрамгуль, Ермұханова Альфия, Қоданов Ренат, Амирова Гүлжан, Жұмағазиева Сағымгүл, Алдамжарова Ләззат, Ғилажева Самал, Мұсағалиева Индира сынды мұғалімдері.
Ұстаз – менің екінші ата-анам!
– Менің қымбатты ұстаздарым! Сіздерді төл мерекелеріңізбен, яғни «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – менің екінші ата-анам! Биыл міне студент атандым. Сіздерден жыраққа кеттім, бірақ 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымды қатты сағындым. Ұстаздарымыз бізге ұрысса, жаман көргендіктен емес, біздің дұрыс бағыт тауып кетуіміз үшін екен. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, қызығы қатар болатын мамандық иесі болу мен үшін үлкен мәртебе! Менің аяулы ұстаздарым, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрдайым саналы да, тәрбиелі шәкірт дайындаудан шаршамыңыздар!!!
№159 гимназияның түлегі Жанель Сеңгірбай да ұстазы Гүлмира Сағатқызын құттықтаған екен.
– Мен ұстазымды құттықтамас бұрын, ең алдымен, ол кісі жайлы бір-екі ауыз сөз айтып кеткім келеді. Гүлмира Сағатқызы - тарих пәнінің мұғалімі. Ал, тарих пәні - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттылыққа тәрбиелейтін сарқылмас мәні бар мұра. Осы мұраны балаларға жанды, мәнді ғып, қызықтырып, тарихтың небір сыр-қырларын ашып, оны мәңгі ұмытылмастай етіп әрбір баланың санасына құйып, жүрегіне ұялат! у әрбір ұстаздың қолынан келмейді. Алайда, Гүлмира апайдың бұл үлкен жауапкершілікті орындау қолынан келді. Ол кісінің әрбір айтқан сөзі жүректі елжіретіп, толғандырмай қоймайды. Ол кісінің бойындағы барлық ізгі қасиеттер де оқушыларды еліктірмей қоймайды. Сол себепті де, Гүлмира Сағатқызының мен үшін ұстаз ретінде де, адам ретінде де орны ерекше қымбат. Мен ұстазыма деген барлық ой-сезімімді білдіргім келді. Аяулы ұстазым, Гүлмира апай, әрқашанда жарқырап, жайнап жүре беріңізші! Жүзіңізден күлкі мен бақыт кетпесін. Сізге зор денсаулық пен сарқылмас қуат тілеймін. Бәріңіз ұстаз ретінде бұл өмірдегі барлық мақтау мен сый-сыяпатқа, үлкен құрметке лайықсыз! Сізге деген алғысым шексіз! Сізге тек Алланың нұры жаусын!
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің түлегі Марат Қаниев есімді азамат мектептегі ұстазы Қамбар Амантаевқа арнап өлең жазыпты.
Ұстаз жолы - ұлы жол!
Сөздерді нақышына келтіріп бір,
Әлемді бір парақта таңбалаған.
Таулар - тастар, қалалар, өзендер
Көл Дөңгелек жұмыртқада сия қалған.
Көрген жан мақтанып айтар атын,
Біліміңді еселеп қайтаратын.
Шаһарда біздің алтын бір ұстаз бар
Ашымаған айранды ұйытатын.
Тұлпары алда жүрер аламанда,
Білгенін жасырмайтын бар адамға.
Дүние түсінікті боп кетеді,
Нұр шашқан жанарымен қарағанда.
Айтылмаған көкейдегі ойлары әлі,
Шөл басқан саналарды қандырады.
Бүгінгі Шохандайын жарық жұлдыз
Ертеңгі қазағымның – Марғұланы!
Жататын бүкіл әлем таңдай қағып,
Ғылым мен білім жолда маңдай алып.
Ұстаздар керуенін бастап тұрар
Тізгінін ұстап алып – Амантаев!
Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің түлегі Темірболатова Айнагүл мектеп бітіргеніне 28 жыл өтсе де өмірлік ұстазы болған Гүлжанат апайын «Ұстаздар күнімен» құттықтауды ұмытпапты.
– Бұл өмірде ешбір адам оның тәлім-тәрбиесін алмай өту мүмкін емес. Ол – ұстаз! Бұл өмірде ешқашан ұмытылмайтын бір адам бар. Ол – ұстаз! Бұл өмірде сен мейлі ғалым бол, ғұлама бол, бір адамның алдында бас иесің! Ол – ұстаз! Сенің бойындағы жақсы қасиеттің, қабілеттің жарқылын тұтатқан бір адам болса, ол – Ұстаз! Менің аса қадірлі де қадірменді ұстаздарым! Мектеп бітіргеніме 28 жыл өтсе де, мен сіздердің алдарыңызға алғаш барған сәттегідей сәбилік пәк сезіммен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бірінші байлық –денсаулық,жанұя бақытын, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Мен сіздерді жақсы көремін!
Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы, Н.Өмірзақов атындағы орта мектептің түлегі Гүлнәр Әбдраманова мұғалімдері, Айкүміс, Бейбіткүл, Қатипа, Батихан, Тұрымхан апайлар және Самарқан Молдағазыұлы есімді мұғалімдерін құттықтаған екен.
– «Ұстаздар күні» қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы мерекемен шын жүректен құттықтауды міндетім деп санаймын. Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Отырар жалпы орта мектебінің түлегі Бекбол Әбішев «Ұстаздар күні» мерекесімен Мәулен Айдос атты мұғалімін құттықтауды ұмытпапты.
– Айдос ағай – қызметінде қоғамымдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетке, кәсиби іскерлігі мен парасатылығы бар үлгілі ұстаз.Бұл реттегі игілікті істеріңізді "Отырар" жалпы орта мектеп ұжымы әрқашан да жоғары бағалайды!
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттының ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлбану Әбікенов бұл жолы өз әріптестерін «Ұстаздар күнімен» құттықтапты.
– Құрметті Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұстаздары мен тәрбиешілері! Мен шын жүректен құттықтаймын сіздерді мұғалімдер күнімен!Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Орыс тілінде келіп түскен құттықтауларды мына жерден оқи аласыздар!