Стандартты білім беру жүйесі тесттер мен стандарттарға негізделген - Дмитрий Истомин

21 Желтоқсан 2022, 11:22 2014

Орталық Азия медиафорумының «Жасанды интеллект және ауқымды деректер: медиадағы инновациялық технологиялар» панельдік сессиясында әйгілі Almеra тобында бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Дмитрий Истомин жасанды интеллект пен білімнің байланысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз жаңа технологиялардың айналасында білім беру үдерісін қалай құру керектігі туралы айтып отырмыз. Біріншіден, технологияның көмегімен не жасай аламыз деген сұраққа жауап беруіміз қажет. Екіншіден, технология адамға көмектескен кезде белгілі бір жүйені құру. Үшіншіден, технология адамға қарағанда жақсы нәрсе жасағанда. Біз қазір екінші кезеңдеміз. Мысалы, деректерді талдау арқылы біз адамдардың үлгерімін арттыра аламыз. Бірақ классикалық білім тұрғысынан қарасақ, жасанды интеллект кедергі келтіреді. Өйткені, стандартты білім беру жүйесі тесттер мен стандарттарға негізделген», - деді ол.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: