Стамбұлдағы митингке Ердоғанды қолдау үшін 1,7 миллион адам қатысты

9 Мамыр 2023, 14:49 851

Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбұл қаласында 1,7 миллион адам қатысқан сайлауалды митингте сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Біз Стамбұлды туғаннан сүйеміз. Стамбұл – бұл жай ғана тұрғындар тұратын қала емес; Стамбұл сонымен қатар Түркілік. Бұл Балқаннан Кавказға дейінгі біздің бауырларымыздың қаласы. Біреу бізден жер мен аспан астының ортасында қай жерде өмір сүргіңіз келеді деп сұрап жатса, жауабымыз әрдайым Стамбұл болады. Біз кез келген уақытта халықтың сөзін сөйлейміз, – деді Түркия президенті митингте.

Түрік еліндегі президент сайлауы мамыр айының 14-і күні өтеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: