СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады

4 Қараша 2022, 13:11 1456

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

СҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды El.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы таныстарында және жалдамалы пәтерде тұрып жүрген, облыс аудандарының бірінің 25 жастағы есірткіге тәуелді тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған, кристалл тәріздес зат салынған 15 орама алынды.

Тағы 25 түйіншек тұрып жатқан екінші мекенжайынан анықталды.

Сараптама алынған заттың α-PvP – «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткі екендігін көрсетті. Жалпы салмағы 32,3 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жас жігіт шілде айынан «есірткі жасыруды» ұйымдастыру жолымен есірткі таратты деп күдіктеліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: