Солтүстік Қазақстандағы Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, жұмыстар түнгі уақытта да тоқтамайды. Барлық шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Жағдай ТЖМ бақылауында.