СҚО-дағы екі ірі су қоймасы 100% толды

16 Мамыр, 20:13 564

Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 557 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 995 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу бойынша іс-шараларын жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толды. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 85,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 61,8%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасып жатыр. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кесте бойынша жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: