СҚО-да жұмысшының саусағы жұлынып кетті

17 Маусым, 11:42 565

Солтүстік Қазақстан облысында 50 жастағы ер адам өндірісте жарақат алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болған. Абайсызда жарақат алған ер адамды аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жұмысшының оң қолының саусағы иірмекте қалып қойып, мыжылып кеткен. Дәрігерлер ота жасап, жараны өңдеді, білек буынының негізін қалыптастырды.

Науқастың жағдайы қазіргі уақытта орташа ауыр болғанымен, тұрақты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: