СҚО-да жолда кетіп бара жатқан жүк көлігі өртенді

Кеше, 22:21 181

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданында жүк көлігі өртенді. Оқиға бүгін Чермошнянка ауылының жанында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақырту бойынша мекенжайға жеткен құтқарушылар жедел әрекет етті. Қысқа уақыттың ішінде өрт сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексерудің қажеттігін еске салады.

Зарина Арман
Бөлісу: