СҚО-да жолаушылар мінген пойызда өрт шықты

2 Наурыз, 23:10 743

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында жолаушылар пойызында өрт шықты. Оқиға Қандратовка станциясында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, «Петухово РФ - Петропавл» бағытындағы жолаушылар электр пойызының доңғалақ қозғалтқышы  жанып, вагно астында түтін пайда болған. Жедел әрекеттердің арқасында түтін вагондарға таралмады.

Өрт сөндірушілер оттың одан әрі таралуына жол бермей, рельстердің астындағы доңғалақ жағына 1 су оқпанын жылдам берді. 

Пойызда 35 адам болған, жолаушыларды эвакуациялаудың қажеттілігі болмаған. Себебі өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, қозғалтқышты салқындату жұмыстары жүргізілуде.

Асқар Таудай
Бөлісу: