СҚО-да үш спортшыға пәтер берілді

Бүгiн, 17:46 125

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлем чемпионаттары мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, Астанада өткен көшпенділер ойындарында Қазақ күресінен Мейіржан Берекетов чемпион атанса, «Бес асықта» Сәния Әскер алтын алды, «Құнан бәйгеде» «Қамысқұлақ» атты сәйгүлікпен шабандоз Әмір Серік жеңімпаз атанды.

Балуанымыз Ислам Евлоев Испанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанса, Иорданияда өткен әлем чемпионатында күрестен Анна Стратан қола жүлдегер атанды. Қазақ күресінен әлем кубогында Алтынбек Аусағитов жеңіс тұғырына көтерілді. Наталья Богданова – Азиаданың қола жүлдегері.

Біздің чемпиондар мақтау мен құрметке  лайық. Ислам Евлоев, Алтынбек Аусагитов және Наталья Богдановаға пәтер кілттері табыс етілді. Мейіржан Берекетов, Анна Стратан, Сәния Әскер және бапкерлер алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларға ие болды.

Бұл жетістіктер біз үшін аса маңызды, өйткені солтүстікқазақстандық спорт тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары шеберлігі, табандылығы және қайсарлығы үшін алғыс айтамын, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: