Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Мерген ауылында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында түктегі шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиғаның салдарынан зығыр және бұршақ сабаны отқа оранды. Өртті ТЖМ және осы шаруа қожалығының ерікті өрт сөндіру құрамасының қызметкерлері сөндірді. Өртті оқшаулауға қатты жел қиындық тудырып, өрттің тез таралуына ықпал етті.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің жақын тұрған жиналған шөпке тарлуына жол бермеді.