Солтүстік Қазақстан облысының 13 елдімекеніне жақын Қызылжар, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарындағы Есіл, Аққанбұрлық және Шарық өзендерінде жалпы ауданы 6200 шаршы метрден астам жерде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты - көктемгі мұз жүру кезінде кептелістерді болдырмау үшін мұз қабатын әлсірету екенін атап өтті.
Бұдан өзге ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен Қызылжар ауданының Бескөл және Тепличное ауылдарында 200 метр полипропилен шымылдығын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Елдімекендерді су тасқыны қаупінен қорғайтын бөгеттерге инертті материалдар салынған 2500 дана қап дайындалып өселді.