СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар тәулік бойы жүргізілуде

16 Сәуір, 23:25 730

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда өңірде барлығы 730 500 м3 астам су сорылды. 24 958 м бөгет нығайтылып, 8 501 метр бөгет салынды. 273 мыңнан астам қап төселді.

Су тасқыны басталғалы бері облыс аумағында 12 235 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 2919-ы бала.

Петропавл қаласында, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, М. Жұмабаев, Айыртау, Есіл, Тимирязев, Қызылжар аудандарының елдімекендерінде 2401 жеке тұрғын үй мен 1115 аула аумағы су астында қалып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: