СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Валентина Архиповна Волкодавты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, қария 103 жасқа толды.
Валентина Архиповна 19 жасында майданға аттанып, Беларусь пен Украина майдандарында көпірлер салу және өткелдер жасау үшін көпір салу отрядында болды. Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрып келеді.
Ардагерімізге денсаулық, ұзақ өмір және отбасылы бақыт тілеп, балалар мен немерелердің қызығын көре беруге тілектестік білдірдім, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.