СҚО-да қатерлі ісікке шалдыққан 100-ден астам науқастың құқығы бұзылған

12 Шілде, 13:16 884

Денсаулық сақтау саласындағы талдау қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.

Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. Құқық бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың құқықтарын сақтау мәселесі прокуратураның бақылауында, - делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: